5 көпір, 35 күрделі және 50 орташа жол жөндеу жұмыстары. Бұл Шымкент қалалық әкімдігінің 2019 жылға жоспарлаған шарасы.
Осы нысандардың құрлысына қала бюджетінен 8 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда жолды орташа жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Жалпы Шымкент қаласындағы көшелердің ұзындығы 3 мың шақырымға жуық. Жолдарды жаңғырту оның маңыздылығына байланысты іріктеледі екен.
Айта кетейік, биыл жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының ауқымы өткен жылғыдан екі есеге аз. Қала әкімдігі 2018 жылы 100 көшені жөндеуден өткізіпті. Алдағы жоспар 111 шақырым топырақ жолдарға шағал төсеу. Жауын шашында жерлестеріміздің жүріп тұруы жеңілдесе дейді. Солтүстік саяжайда салынып жатқан 2 шақырымдық жол аяқталысымен қоғамдық көлік жүретін болады.
Нұрлан Күдерұлы