Джип көліктерін ұрлайтын әккі баукеспелер ұсталды. Құны қымбат автокөліктерді заңсыз айдап әкетумен айналысқан екі ағайынды Шымкентте құрықталды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтағанындай, ұсталған азаматтар, яғни екі ағайынды, мегаполис тұрғындары екен. Сондай-ақ, көп ұзамай Түркістан облысының жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын тиянақты жүргізу барысында, Қарағанды қаласынан ұрланған көліктерді сатып алған азаматты да ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктілер Түркістан облысына жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың қымбат шетел маркалы көліктерін ұрлаудың басқа да жайттарына қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Ұсталған үш күдікті де қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Бекеева