Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 18-маусымында қала тұрғыны полиция органдарына дене жарақаты келтірілгені туралы арызданған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» және 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Сондай-ақ, полиция қызметкерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлімі «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда құқық бұзушы Шымкент қаласының УҰА-на қамауға алынды, — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал инсайдерлік дереккөздерге жүгінсек, бұл азаматтың полицейлердің тыныс-тіршілігі, қызметі мен құзыреті туралы жиі таспалап, оны желіге жариялайтын қоғам белсендісі Руслан Жанпеисов болуы мүмкін. Және ол «инстаграммдағы»  жеке парақшасында соңғы рет осыдан 3 күн бұрын Атырауда жүргенін айтып, өз суретін жүктеген.

Мөлдір Бекеева