фото Stan.kz

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласында арнайы операция кезінде этностық қылмыстық топтың жолын кесті. Ұйымдасқан топ бизнесмендерді қорқытып, жүйелі түрде ақша бопсалап келген.

«Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Күдіктілерді ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды.