Қарттар күні қарсаңында қариялар шахматтан жарысты

570

Қарттар күні қарсаңында шымкенттің егде тұрғындары Орталық саябақта шахматтан жарысқа түсті. Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Келешек» жастар қанаты өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараны бірлестік төрағасының орынбасары Серік Әуесханов құттықтай сөзін арнап, салтанатты жағдайда ашып берді.

Спорттық бәсекеге 20-ға жуық қария қатысты. Додаға түскен қариялар қарсыластарына дес бермей, жеңіс жолында барын салды. Бабы келісіп, бағын сынауға келгендердің көпшілігі 60 пен 90 жас аралығында. Спорттың осы түрін серік еткен қариялар бір-біріне дес бермей, ойынның көрігін қыздырды.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада еліміздің өзге де аймақтарынан келген қатысушылар бақ сынасты. Шахмат ойынына әуес кейіпкеріміз ақыл-ой мен логиканы дамыта түсетін спорт түрін жастар арасында да насихаттай жүреді.

Үздік ойын өрнегін көрсеткен қария қиялының ұшқыр екенін тағы бір дәлелдеді. Қарттық қайратын қайта жанып, додаға түскен ол замандастарымды көріп тағы да бір жасап қалдым дейді.

Инттеллектуалдық ойын түрінен жарысқан қатысушылардың арасында Тұрлан Төретаев, Талғат Оспанханов, Әмірбек Сапаров Лигай Александр Олег Ни 1.2.3 орындарды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіподақ өкілдері спортты серік еткен қариялардың арасынан үздік ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаздар марапаттады. Қарттар күні қарсаңында оларға мерекелік құттықтаулар айтылып, сый-сыяпат жасады.