Қатерлі ісікке шалдыққан әйелдер күрт көбейген

198

Қатерлі ісікке шалдыққан әйелдер қатары соңғы жылдары Шымкентте күрт көбейді. Тіпті қала бойынша бір жылдың ішінде бұл дерт 90 нәзікжандыдан анықталған. Осылай деген қалалық онкология орталығы ашық есік күнін өткізді. Басты мақсат жаман аурудың алдын алу. Ол үшін ақ халаттылар әйелдерді тексерістен өткізіп, тегін кеңес берді.

Қатерлі жатыр ісігі — әйелдер арасында кеңінен таралған дерт. Шымкент қаласы бойынша жыл сайын бұл ауру 90 әйелден табылады. Ал оны ерте анықтауға скрининг аппараты себеп болған. Ауруды ерте бастан анықтайтын құрал қаламызға осыдан 2 жыл бұрын әкелінген еді.

Жаман аурудан аулақ болудың ең тиімді жолы жыл сайын тексеріліп тұру. Осылай деген ақ халаттылар ашық есік күнін өткізді. Мұнда нәзік жандылар ақысыз тексеріліп, кеңес алды. Дәрігерлер бір сағаттың өзінде 20 тұрғынды қабылдап үлгерді.

Аталмыш акция еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылған. Мамандардың әйелдерге айтар ең үлкен ескертпесі — денсаулыққа салғырт қарамау. Гинекологқа жылына екі рет қаралуды қадап айтқан ақ халаттылар кез-келген ауруды бастапқы деңгейде емдеуге болатынын айтады.

Назерке Үкібасова