Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен Ермаханбетов Ерлан Мейрамханұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Ерлан Ермаханбетов Шымкент қаласының тумасы. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, экономикалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар. Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның жастармен жұмыс жасау бойынша маманы қызметінен бастаған, сонымен қатар, А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Оқу-клиникалық базасында жастар ісі бойынша сектор меңгерушісі болған.
2013-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының Халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейінен бөлім басшысы болды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде. 2015-2016 жылдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Баспасөз хатшысы лауазымында болған.
2016 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметін атқарған. Жаңа лауазымға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас консультанты болды.