Бүгін Шымкент қаласының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мәжілісінің кезекті отырысы болып өтті. Онда өткен мерзімде қылмыспен күресу жұмыстарының жағдайына талдау және құқық бұзушылық профилактикасына тексеріс нәтижелері қаралды.
Шараны ашқан, қала прокуроры қаладағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мәселесіне назар аударды.
Жиында жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергейтін арнайы топ құрылғаны және ол құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында әр ауданда мобильдік топтар құрылғаны аталды.
Сонымен қатар, прокуратура мен әкімдіктің бірлескен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының аясында 4 аудан әкімдіктерінде «Аутрич» бөлімі ашылып, қысқа мерзімнің ішінде 3500 отбасыға нақты көмек көрсетілгені айтылды.
8 аймен қылмыс 12% төмендегенімен, олардың кейбір түрлері өскен. Мал ұрлығы 11%-ға және ұялы телефондарды ұрлау 12%-ға, бұзақылық 12%, зорлау 5% өскеннен кейін прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесі полиция департаментімен әкімдік тарапынан профилактикалық жұмыстарға салғырт қарауын көрсетті. Оңай жолмен есептік көрсеткішті жасанды кемітумен айналысқан Полиция қызметкерлерінің әрекеттерінен статистикалық көрсеткіштер бұрмаланып, қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзушылықтар саны 5,2% төмендеген (300 қылмыс бұрмаланған, негізінде қылмыс 2%-ға өскен).
Мысалы, Қылмыс оқиғасы орын алған «дүкен» («Индира» азық-түлік дүкенінде орын алған қылмысты ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігімен (бұзақылық) тіркеген) қоғамдық орынға жататына қарамастан, оны тіркеу дерекқорға «қызмет атқармайтын қоғамдық орын» деген жалған мәлімет енгізілген.
Жедел-іздестіру қызметкерлері 1426 істің ашылуына ықпал жасағаны күмән тудырып, тексерудің нәтижесі 247 қылмыстың жедел-іздестіру қызметкерлерінің көмегінсіз ашылғаны анықталып, полиция қызметкерлерінің көзбояушылықпен айналысқанын көрсетті.
«Шымкент қаласындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» Жоспарына сәйкес, қала аулалары 2017ж.- 80%, 2018ж. — 90%, ал 2019ж. толық жарықпен және бейнекамералармен қамтамасыз етілуі қажет болатын.
Алайда прокурорлардың қала аумағын жаяу аралаудың нәтижесімен Жоспардың бұл тармақтары толық орындалмағанын көрсетті.
Дәл осылай, қоғамдық көліктердегі орын алатын ұрлықты тежеу мақсатында орнатылатын бейнекамералардың жабдықталуы да орындаусыз қалған (жоспар бойынша 2019ж. -100%).
Профилактикалық іс-шаралардың сапасыздығынан қала аумағында атыс қару қолданумен жасалған қылмыстар саны 8,9%-ға және олардың қоғамдық орындардағы көрінісі 18,5%-ға өскен.
Осыған байланысты Мақсат Қожабаев мәжіліске қатысушылардың назарларын әрбір құқық бұзушылықтың артында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы тұрғанын атап өтіп, барлық басшылар тарапынан ведомстволық бақылауды күшейтуді, қылмыстың алдын алуға және ашуға бағытталған барлық заңды іс-шараларды толық түрде атқаруға шақырды. Кеңес қорытындысымен бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.