Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының 2019 жылғы 5 қыркүйектегі №VII қаулысына сәйкес, Арыс қаласының «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі жанынан «Әкелер мектебі» құрылды.

Әкелер мектебінің мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігі даусыз.