Әлеуметтік желілерде «Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Арыс қаласында жарылыс болады, осыған сәйкес эвакуация жұмыстары жүргізіледі» деген жалған ақпарат таратылуда.

«Халық арасында жалған ақпарат таратушылар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық Кодексінің 274 – бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» тармағы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін хабарлаймыз.
Жалған мәліметке сенбей, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз!» деп хабарлайды
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.