Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында мемлекеттік қызметкерлер тұрғындармен арадағы байланысты нығайту керектігін атап өтті. Шенеуніктер арыз-шағымдарға дер кезінде жауап беріп, кері байланыс орната білуі тиіс. Басты құжаттағы ел дамуына серпіліс беретін бағыттар бүгін Әл Фараби аудандық әкімдігінде өткен жиында талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің саны қысқартылады. Елімізде 2024 жылға қарай шенеуніктер мен ұлттық компания жұмысшыларының санын 25 пайызға қысқарту керек деді ел перзиденті өз Жолдауында. Ал үнемделген қаржыны анағұрлым пайдалы жұмысшыларды материалдық тұрғыда ынталандыруға бағытталады. Сондай-ақ, атқамінерлерге халықпен тығыз қарым-қатынас жасауды күшейтуге міндеттелді.
Жолдауда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев білім саласына қатысты мәселелерге ерекше тоқталды. Оның ішінде білім беру сапасын жақсарту, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында дарынды балалардың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу тапсырылды. Ұстаздар мұны елдің ертеңі жастарға жасалып отырған қамқорлық деп қабылдап отыр.
Жиында жергілікті билік өкілдері Жолдаудағы негізгі бағыттарды екшеп алды. Мемлекет басшысы көрсеткен міндеттер мен тапсырмалардың миллионды мегаполисте қалай атқарылатынын баяндап, алдағы жоспарларын пысықтады.
Мақпал Рысбаева