Асыр салып жүрген бұл бүлдіршіндер ойын-сауық орталығына арнайы шақырылған. «Арыстан патша» туындысын қазақ тілінде тамашалауға келгендер көңілін алдымен аниматорлар көтерді. Бір сағатқа жуық олар балалар үйі тәрбиеленушілері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы кішкентайларын ойнатып, соңынан сыйлықтар үлестірді.
Нұрбол Нұсқабеков, Шымкент қаласындағы «Еуразиялық банкінің» директоры: «Бұл жобадағы біздің басты мақсатымыз — балаларымызға жақсы көңіл-күй мен демалыс сыйлау. Әлемдік үлгідегі фильмді өздерінің ана тілінде көрсету болып отыр».
Дисней туындыларының қазақ тіліне аударылуы осыдан 8 жыл бұрын басталған еді. Содан бері әлемдік деңгейдегі 31 фильм мен мультфильм мемлекеттік тілде сөйлеген. Соңғысы жаңа тыныс алған — «Арыстан патша».
Жетекшілердің айтуынша, бұл күнде отандық әртістер дыбыстауын шетелдіктер де мойындап, түпнұсқада қалдыратын болған.
Айымгүл Орынбаева, «Болашақ» корпоротивтік қорының өкілі: «Арыстан патшаның» африкалық тілі «суахили» тілінде қазақ актері өздері сөйлеген болатын. Жазылым кезінде біз әбден күліп те, жылап та үлгердік. Өйткені тіл бізге түсініксіз, оған да түсініксіз. Бірақ, ол тамаша шықты. Біз бұл жазылымды Диснейға жібергенімізде, біздің нұсқаны қатты ұнатты. Және түпнұсқаға қарағанда біздікін мықты деп қабылдап, қазақша әртістің дауысын қалдырды».
Балаларды қуанышқа бөлеп, ана тілін құрметтеуді алға қойған ұйымдастырушылар бұған дейін қайырымдылық шараны Ақтөбе, Павлодар, Рудный қаласында өткізіпті. Ендігі бағыт Қарағанды қаласы болмақ.
Айта кетейік, жоба «Еуразиялық банкі», «Болашақ» қоры мен ERG компания бастамасымен іске асты.