Ескек есу және желкенді спорт түрлерінен топ жарып келген спортшылар марапатталды. Түркістан облысының тарландары 5-жазғы спартакиадада бақ сынаған болатын.

Орал қаласында өткен жарыс нәтижесінде өңір қоржынына 14 медаль түсті. Оның 4 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде. Осылайша төртжылдық бәсекені жерлестеріміз командалық есепте екінші орынға табан тіреп аяқтады.

Қуаныш Бекпенбетов, Түркістан облысының желкен және ескек есуден спортшысы: «Республика бойынша облысымыздың атынан қатысып, екінші орын алдық. Бапкерлерімізге алғыс айтамыз».

Ақерке Анарқұл