кездесу сәті

Гонконг бизнес делегациясы шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті.

Гонконг бизнес-делегациясы Шымкентте

Іс -шара екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасты орнату, сондай ақ екі жақты сауда қатынастарын дамытуға бағытталған. Шетел делегациясының құрамында электронды тауарлар, тұрмыстық техника, косметика,  химиялық және тамақ өндірісінің ірі өндірушілері бар. Олар Шымкентте бірлескен кәсіпорындар салуға ниетті. Еркін форматта өткен шарада жергілікті кәсіпкер өз салалары бойынша байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Нүрия Қазанғапова, кәсіпкер: «Біз былғары терілерден бұйымдар жасап  шыцғарамыз. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараларға қатысып тұрамыз. Бізге  теріні өңдейтін жоғары технологиялы құрылғылар қажет. Бүгінгі кездесу барысында өз  кәсібімізді дамыту бағытында пайдалы кеңестер алып, тиімді  байланыстар орнатамыз деген үміттеміз».

Гонконг сауда-саттығын дамыту Кеңесі өз еліндегі  шағын және орта кәсіпорындар үшін әлеуетті нарықты зерттеумен және  оларды бүкіл әлемдегі іскер серіктестермен байланыстырумен айналысады. Бүгінгі шараны Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірге Гонконг сауда-саттығын дамыту Кеңесі ұйымдастырды.

Уилсон Лам, кәсіпкер: «Біздің делегация Шымкенттегі  арнайы экономикалық аймағында болдық. Ондағы кәсіпорындардың жұмысымен таныстық. Олардың шығарып отырған өнімдері  шетелдік өнімдерден кем емес. Ауыл шаруашылығы саласы да бізді қызықтырады. Біз осында жеміс, көкөніс өңдейтін зауыттар ашпақпыз. Біз қазақстандық кәсіпкерлермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайынбыз».

Шынар Оразова