фото Lenta.ru

7 қыркүйек күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың 19 шілдесінде кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындады. Бүгінгі таңда ол қамау абақтысында.
Тергеу амалдары жалғасуда.