Төлеби ауданы Леңгір қаласының №7 жалпы орта мектебінде 12 қыркүйек күні аталмыш мектептің 10 сыныптың А. есімді оқушысы жолдан белгісіз флакон тауып алып, сағат 10:37-де үзіліс уақытында тауып алған флаконды әтір деп мектеп ғимаратының бірінші қабатындағы дәлізінде сепкен.
Соның салдарынан балалар жөтеліп, 26 оқушы 2 мұғалім мен 1 техникалық қызметкерге Леңгір қалалық ауруханасымен алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, 18 оқушы мен 3 мектептің қызметкері үйлеріне қайтарылған.
Қазіргі таңда, қалған 8 оқушы ауруханаға орналастырылды.Денсаулықтары дәрігерлердің бақылауына алынған. Балалардың жағдайларының жақсаруына қарай ертең барлығы үйлеріне оралады деп күтілуде.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімімен тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.