World class жаттығу залының ашылғанына — 1 жыл. Осыған орай, Live Fest Shymkent концертін өткізді. Жоғары деңгейде өткен шараға қазақстандық және шетелдік әншілер өнер көрсетті.

Live Fest SHYMKENT. Дәл осындай атаумен «World class » жаттықтыру залы 1жылдық мерекесіне орай кең көлемде концерт ұйымдастырды. Ұзын сонар кезекте тұрған жастардың бәрі бүгінгі кеште ән шырқайтын шетелдік жұлдыздар Hammali Navaiмен, Райым Артурдың өнерін тамашалауға асық тұр. Кештің басты ерекшелігі де осы әншілер екенін ұйымдастырушылар алға тартты.

Тұран Абжанов, Live Fest SHYMKENT концертінің бас ұйымдастырушысы: «Концерттің басты мақсаты — Шымкенттің мегаполис болуына орай мәдениетін көтеру. Қаламызға жастарға инвестиция жасау. Фитнес клубқа 1 жыл толуына орай қала тұрғындарына сыйлық жасап жатырмыз. Арнайы шетелдік жұлдыздар Hammali Navaiмен, Райым Артурды шақырып отырмыз. Бұл әншілер жастардың ең көп тыңдайтын әншілері».

World class-қа қатысып, келісті дене бітімдеріне ие болған қыз-жігіттер спорттық құралдарымен би биледі. Ал көрермендер көтеріңкі көңілмен әншілердің жанды дауыстағы әнін қосыла шырқады.

Мерейлі күнге қонаққа келген Райым Артур концерттің жоғары дәрежеде өткеніне сенімді. Себебі, дайындықтың өзінде жоғары стандартқа сай болды дейді әншілер
Райым Артур, әнші: «Шымкент қаласында жалпы осындай масштабта алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Концерт жақсы өтеді деген сенімдеміз. Қазір дайындықтың өзі жақсы болуда».

Шара барысында көрермендермен қызықты ойындар да ұйымдастырылды. Жеңімпаз болған жастар World class-қа 1 ай тегін жаттығуға мүмкіндік алды. Worl class-тың әлем бойынша 90 түрлі жаттығу залы бар. Ашылуына 1 жыл болған мерекесінің кең көлемде аталып өтуінің өзі дәлел. Соның бірі — Шымкент қаласында. Қаладағы зал 3- мегополис атанған уақыттан бері халыққа қызмет етуде.