Мәскеулік жас өнерпаздар Шымкент сахнасында өнер көрсетті. Осымен екінші рет шаһарымызға ат басын бұрған Мәскеу қаласының балалар және жасөспірімдер музыкалық театры «Дунаевский туралы қиял» атты қойылым ұсынды. Көпшілікке ұсынылған қойылымның режиссері ресейлік танымал актер Александр Феодоров. Қиялға толы музыкалық спектакль шымкенттік театр сүйерқауымына әрекше әсер сыйлады.

Максим Гладчинка, көрермен: «Мәскеуден келген театрдың қойылымы маған өте ұнады. Олар сахнаға шығып ән айта бастағаннан ерекше күйге түстім. Соңына дейін көрдім. Өте керемет спектакль».

Айта кетейік, Мәскеу қаласынан келген театр репертуарға бай. Жыл сайын жаңартылған қойылыммен гастрөлдік сапарға шығатын театр әлемнің 59 елінде болған. Театр басшысының айтуынша дәл осындай сапарлар екі елдің мәдени байланысын нығайта отырып, тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік береді. Ал, Шымкенттен шыққан жас өнерпаздарға өзге елдің сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік аз. Себебі, қаржы тапшылығы.

Бақтиярәбіл Оспанов, Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театрының директоры: «Өнерде шекара болмайды. Енді қыркүйек басталып келе жатыр оқушыларымыздың жалпы жасөспірімдерге арналған керемет жоба деп білемін».

Гүлнұр Әмірәлі