Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болды

234
фото inform.kz

Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», — деді Бақытжан Сағынтаев. Мейрамбек Бесбаев — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.