Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы 2019 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында 3-ші сабақта (дене шынықтыру сабағы, кіші футбол ойыны барысында) мектептің спортзалында футбол ойынына арналған жылжымалы қақпа үстіне құлап, оқыс оқиға орын алған.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жедел жәрдем шақырып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен. Мұғалім оқушыны аудандық ауруханаға жеткізген. Бала сағат 12:00 шамасында ауруханада қайтыс болған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің тапсырмасымен Қазығұрт ауданына арнайы комиссия жолданды.

Осы ретте облыс көлеміндегі білім беру мекемелерінің басшылығына сыртқы және ішкі спорт алаңдарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттейді.