«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында.
Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», — де атап өтті Мемлекет басшысы.