ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің құрылғанына бір жыл толуына және «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» жобасы аясында «Тәні саудың – жаны сау» атты мешіт жамағаты арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің салтанатты ашылу шарасына Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаевтың құттықтау сәлемін жеткізіп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаты арасында тығыз байланыс орнату, кереғар ағымдардан сақтану және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ,  ойын шарттары бойынша дінімізде тиым салынған жайттарға жол бермеу.

Оның ішінде бір-біріне дауыс көтермеу, бейәдеп сөз айтпау, т.б. шарттар енгізілді.
Жыл басынан бері ауданаралық турнир өткізіліп, ақтық сынға 12 команда жолдама алған болатын. Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды «Ақмешіт» командасы жеңіп алды. Ал екінші орынды «А.Қаттани», ал үшінші орынға «Әл Біләл» мешіті ие болды. Жалпы жүлде алған командаларға арнайы алғыс хаттар мен өкілдіктің кубогы табыс етілді.

Турнирге қалалық «Зекет» қоры мен Жастар секторы бөлімінің жетекшілері қаржылай үлес қосты. Жоба аясында осы бағыттағы турнирлар өз жалғасын табатын болады.