Парамен ұсталған ӨҚБ қызметкері кепілдік қойып босатылды

426

Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Асхат Жұмағали мәлімдеді.

Асхат Жұмағали

«Ол азамат бізбен құрықталып, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған. Сот оған санкция берген. Алайда, оған кепілдік ретінде 20 миллион теңге көлемінде төлеуге мүмкіндік берілген. Күдіктінің туыстары кепілдік үшін — 20 миллион теңгені төледі. Осылайша ол кепілдік қойып, босатылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқандықтан, толығырақ ақпарат бере алмаймыз», — деді Асхат Жұмағали.

Еске салайық, Шымкенттік полицейлердің тәртібі мен қызмет-құзыретін қадағалайтын өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері өткен аптада пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Мөлдір Бекеева