Белгілі видео-блогер, полицейлердің «үрейіне» айналған Руслан Жанпеисов  (Бибарс Раимбеков) санаулы күндер бұрын бостандыққа қалай шыққаны жайлы өзі айтып, оны желі арқылы жұртшылыққа жариялаған еді. Бейнежазбада қазіргі жағдайы — дін-аман екенін  де жеткізген-ді. Бірақ, оның осылайша «сайраңдап» жүруін — бірі құптап, қуанышқа бөленіп жатса, енді бірі — оның қадамдарын қылмысқа балап, заңға сай жазаланғанын қалайды.

Ералы Жұмаханбетов

Ал Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы бізге Жанпеисовке қатысты жағдайдың жай-жапсарын қысқаша баяндап берді.

«Оны 3 рет сотталған деп отыр ғой. Өзім ол кезде болған жоқпын, тек ұзынқұлақтан естідім. Бірақ, заң — бәрімізге бірдей. Ол Жанпеисов әлде Раимбеков бола ма, заңға бағынады! Сондықтан, оны қамап, прокуратураға санкцияға ұсынғанбыз. Енді мұны прокуратура қолдамады. Сосын, біз оны жібердік. Бұл жөнінде тарап жатқан өзге алып-қашпа әңгімелерге сенудің еш қажеті жоқ. Біз тек заңның аясында жұмыс істеп жатырмыз», — деді Ералы Жұмаханбетов.

Мөлдір Бекеева