Сарыағаш ауданында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов және аудан әкімі М.Отаршиев аудан аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйімен танысты.
Жұмыс барысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары және жол бойын көгалдандыру үшін атқарылатын жұмыстардың эскиздік жобалары талқыланды. Алдағы уақытта жол жөндеу, абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ.