Шымкентте мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді. Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен екі жасөспірім уақытша қамауға алынды. Күдіктілерден пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленген.
Әсел Саденова, Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: «Төбелес кезінде 16 жасар жасөспірім дене жарақатын алған. Атыс фактілері расталып отырған жоқ. ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыс жасады деген күдікпен екі кәмелетке толмаған жасөспірім уақытша ұстауа абақтысына қамауға алынды. Сондай-ақ, полиция басқармасына 17 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіліп, олардың құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоқтығы анықталуда».
Мөлдір Бекеева