Шымкентте автобус жол апатына ұшырады

224

Шымкентте тағы да қоғамдық көліктің қатысымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқыс оқиға Дулати көшесі мен Тәуке хан даңғылының қиылысында, тал түсте, сағат 13-30-дар шамасында, біздің түсірілім тобының көз алдында орын алды.

Онда «12 Б» бағытындағы автобуспен «Хюньдай» маркалы автокөлігі соқтығысқан. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бірақ, жеңіл автокөлік пен автобусқа материалдық шығын келіп отыр.Ал күніне жүздеген адамды тасымалдайтын «12 Б» бағытындағы автобус жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермегенін айтып ақталды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары әзірге жағдайдың жай-жапсарын, себеп-салдарын анықтауға көшкен.

Мөлдір Бекеева