Шымкентте «Өмір белсенділігін арттыру» акциясы өтеді

131

20-қыркүйекте Шымкентте сағат  9:00 және 14:00 сағат аралығында  Дендрологиялық саябағында,  ал 14:00 және 17:00 аралығында «Кең баба», сағат 17:00 және 19: 00 аралығында  «Қиял әлемі» саябақтарында «Өмір белсенділігін арттыру» акциясын өткізу жоспарлануда.

Фестиваль аясында «Денсаулық қалашығында» қаламыздың тұрғындары мен қонақтары дәрігерлерге қаралуға, қандағы қант, холестерин деңгейі, АҚ дейгейін анықтау үшін экспресс-анализдер тапсыруға, дұрыс тамақтану, темекі, алкоголь тұтынудан бас тарту ұстанымын қалыптастыру бойынша жеке кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

Аталған  іс -шарада  медицина мекемелері, спорт мектептерінің жас спортшыларының  қатысуымен жаппай бұқаралық жүгіру өтеді. Старт Бәйдібек би даңғылы мен Қ. Төлеметов қиылысындағы Дендрологиялық  саябақтың кіре берісінде бастау алады. Жастар арасында флешмоб ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама да әзірленбек.