Шымкентте жаңа қосалқы электр сатнциясының құрылысы басталды

118

«Асар-2» шағынауданында бой көтеретін станцияның құрылысы үшін бюджеттен 4 млрд. 600 млн. теңге қаражат қаралыпты. Жабық үлгідегі станция шаһардың қанша тұрғынына сапалы жарық таратады?

Жабық станцияның қуаттылығы 110/35 кВт. «Нысан аумақтағы 70 мың тұтынушыға сапалы жарық беруге қауқарлы», дейді сала мамандары. Болашақта жанынан және бір станция салу жоспары бар. Бұл қосалқы станциялар қажетті қуат көзін Бозарықтағы станциядан алатын болады.

Шымкент қаласында тап осындай жабық станциялар «Нұрсәт», «Солтүстік Саяжай», «Астана 1,2» шағынаудандарында бар. Бұл 4 қосалқы станцияларының қуаттылығы бір және бір нүктеден тоқ алады. Қосалқы станция 2020 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«Асар 2» шағынауданындағы жабық станцияның бүгінгі таңда жер жұмыстары аяқталды. Енді мердігерлер бір мың шаршы метрге жуық нысан ғимаратын тұрғызады. Құрылыс 2020 жылдың соңында қолданысқа берілмек.

Нұрлан Күдерұлы