Шымкентте жолаушылар автобусы апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар. Белгілі болғанындай, таңертеңгісін №40 бағыттағы қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Ол жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, автобус аударылып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер көп. Жол апатынан зардап шеккен бір адамға көмек көрсетілді. Бірнеше  адам ауруханаға жеткізілді. Апат туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.