Шымкентте жыл соңына дейін 3500 пәтер пайдалануға берілмек

108

Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Құттымбетұлы мәлімдеді.

Тарқатып айтар болсақ, 828 пәтерлі 14 арендалық (коммуналдық) тұрғын үй, Нұрсат тұрғын алабында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, «Шымкент» ӘКК-сы арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үй,70 пәтерлі 2 жатақхана және жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 1293 пәтерлі 26 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.

Брифинг барысында журналистер тұрғын үй қорын жаңғырту, 7-20-25 бағдарламалары аясында түйткілді сауалдарына жауап алды.