Шымкенттік мұнайшылар республикалық спартакиадада бағын сынауда

190

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жарыс биыл 33 рет жалауын көтерген. Айта кетейік, бұған дейін атауы берілмеген бәсеке биыл Болат Бәйетовты еске алуға арналған. Саналы ғұмырын Петро Қазақстанның Шымкенттегі филиалын дамытуға арнаған азамат өткен айда ғана өмірден озған болатын.

Шымкенттің «Петро Қазақстан» компаниясында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер спорт залында бас қосты. Барлығы 50-ден астам азаматтар өзара мықтыны бұл жолы білік күшімен емес, білек күшімен анықталады. Мақсат — желтоқсан айында өтетін республикалық жарысқа жолдама алу. Ол үшін 10 команда жасақталыпты.

Биылғы бәсеке жылдағыдан ерекше. Шымкенттегі бөлімнің аяқтан тұрып, дамуына үлес қосқан Болат Бәйетовты еске алуға арналған. Әуесқойлар волейбол, шахмат, баскетбол, футбол, теннистен сынға түсіп, іріктеледі. Күні кеше жалауын көтерген жарыстың жүлде қоры да қомақты.

Болат Бәйетовты еске алуға арналғана аламан осы айдың соңына дейін жалғасады. Топ жарғандар Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған спартакиадада бақ сынайды.

Назерке Үкібасова