фото shymkent.gov.kz

Жастардың басым бөлігі психологтардың көмегіне отбасылық мәселелер бойынша жүгінеді екен. Бұл туралы Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары хабарлады. Жасөспірімдерге ата-аналардың ажырасуы, ұрысуы қатты әсер етеді.

Сондай-ақ, жас балалардың айтуынша, көбінесе аналар мен әкелер оларды түсінбейді және оларды қолдамайды. Көбінесе 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер отбасындағы қиындықтар туралы шағымданады.  Олар мектеп, колледж және университет студенттері. Әсіресе, ата-аналары алкогольге тәуелді болған кезде дағдарыс күшейе түседі.

Кейде мектеп бітіріп, кейін не істеу керектігін білмейтін жастар келеді. Бұл жас дағдарысы дейді сарапшылар, адам есейеді, бірақ әлі ересек болуды үйренген жоқ. Сондай-ақ жастар қыз бен жігіт арасында туындаған кейкілжің кезінде де психологтардың көмегіне жүгінеді.

Айта кету керек, Жастар ресурстық орталығында  «Психологиялық көмек және күйзелістің алдын-алу»  бөлімі бар. Бөлім қызметкерлері жастарға кеңес беріп, қаланың мектептерінде, колледждер мен университеттерде семинар-тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, мамандар жыл сайын психологтарға деген сенім артып келе жатқанын айтады.