Сириялықтар сұңқар ауламақ болған

91

Тамыз айының соңғы күндерінің бірінде Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты «Құтым» жерінде «Охотзоопром» РМҚК-ны Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлары және Кендірлі Қаясан ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жетекшісі С.Сардарбековтың бірлесе атқарған рейдтік іс-шарасы барысында Сирия мемлекетінің азаматтарымен бірге қазақстандық азаматтар тізгіндеген 3 автокөлік тоқтатылып, тексеру кезінде көлікте «Қызыл кітапқа» енгізілген сұңқар құсын аулауға арналған 10 дана тұзақтан жасалған құрылғылары мен еліктіргіш 50 дана көгершін құстары бары анықталды.

Қымбат көлік тізгіндеген ұсталған азаматтар жолаушыларымен бірге құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырылып, аталған факт Байғанин аудандық полиция бөліміне 31.08.2019ж анықтамалық есеп кітапшасына тіркелді және Қазақстан республикасының ӘҚБтК 389 бабына сәйкес шешім қабылдау үшін материалдар Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына жолданды.