фото inform.kz

Солтүстiк Қазақстан облысына өзге өңірлерден қоныс аударған отбасылар жаңа баспаналарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Солтүстiк Қазақстан облысы — жұмыс күшi көп өңiрлерден азаматтарды көшiріп алу жобасын жүзеге асырып жатқан жалғыз аймақ. Бұның барлығы 3 жылдық кешендi жоспардың арқасы. Қоныс аударушыларға жалдамалы баспана мен жұмыс берiледi, жеке кәсiбiн ашуға болады», — деді өңір әкімдігінен.

Облыс басшысы Құмар Ақсақалов өңiрге көшiп келiп, баспанаға ие болған отбасылармен кездестi. «Жұмыс күшiн облысқа тарту бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Бiзге дәрiгерлер, мұғалiмдер, механизаторлар, жүргiзушiлер, тракторшылар керек. Жыл басынан берi 1600 адам немесе 518 отбасы келдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста биыл 420 үй салынуда. Келесi жылы — 1 мың, 2021 жылы 1,5 мың үй бой көтередi. Биыл жыл соңына дейiн өңiрге 2 мың адам немесе 700 отбасы көшiп келетіні жоспарланған.