Шымкент қаласында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде техникалық компаниялардың қызметкерлерін даярлау және қызмет сапасын арттыру мақсатында кеңейтілген семинар басталды. Республика көлемінде бастау алған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласынан спикерлер мен сарапшы -аудиторлар арнайы шақыртылған.

Қарапайым адамға Стандарттау және сертификаттау сөздері таңсық болғанымен, экономика саласында аса маңызды рөлге ие. Метрология және менджмент жүйесі саласындағы кәсіби құзіретін жетілдіруге 100-ге жуық маман қатысып отыр.

Олар ішкі өнімдерді еуропалық стандартқа сай шығуын оңай бағамдап, менджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы тың тәсілдермен танысатын болады. Өз кезегінде, біліп-түйгенін өзгеге үйрету мүмкіндігін де қалт жібермейді.

Семинарға қатысқандар білімім бір сатыға жоғарылап, біліктілігім биіктесе деп келгендер. Өз ұжымдарының имиджін көтеруге де септігін тигізгісі келеді. Жыл сайын ұйымдастырып, жаңа жаңалықтармен бөлісіп тұрса, өз еліміз тұтынатын тауарлар мен шетелге экспортталатын өнімдердің сапасында сын болмайтынын айтады.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру — өнімдердің сапасына тікелей тәуелді. Ал,

сапа қызметкердің біліктілік деңгейіне байланысты екендігі даусыз. 3 күнге созылатын семинардың бұл соңғысы емес. Алдағы жылда өзге де тақырыпты қамтимыз дейді ұйымдастырушылар. Тегін семинарға қатысқан барлық мамандарға арнайы Стандарттау институтының сертификаты беріледі.

Гүлнұр Әмірәлі