Сарыағаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелет жасына толмаған ұлының белгісіз бағытқа үйінен шығып кетіп, бір апта өтті табылмады деп, арызданады.
Баласынан айырылған ананың арызын бірден қабылдаған полицейлер, жасөспірімді табуға Сарыағаш АПБ-нің бүкіл жеке құрамы, жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторлары мен жедел уәкілдерді жұмылдырады. Полицейлер жан-жаққа бөлініп, ауданның бүкіл аумағын, баланың туған туыстарының барлығының дерлік үйіне барып, іздеу жұмыстарын күшейтеді.
Алты күн бойы өзі іздеп, таба алмаған анамен тілдескенде баланың үйінен кеткеннен кейін 2 күннен соң хабарласып туысының үйінде екендігін айтқаны, алайда кейіннен анасы қайта қоңырау шалғанда туыстары оның келмегенін айтқан. Сонымен қатар, полицейлер анасынан отбасы туралы барлық мән-жайды сұрастырады және ешкімге айтпастан үйінен шығып кету әрекеттерін жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет қайталағанын анықтайды. Жасөспірімнің әкесі отбасынан бөлек тұрғандықтан бала оны іздеп жиі жолға шығып кететін болған. Жасөспірімнің әкесінің анасынан бөлек тұратынын және Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны екендігін анықтаған полицейлер, сол жақтағы іздеу жұмыстарын да қолға алады.
Арыс АПБ-нің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 11-жасар жасөспірім бала Шымкент қаласы Темірлан үлкен жолының бойындағы әуежайдың аялдамасынан табылады. Тексере келе, баланың бір апта бойы әкесінің алыс туыстарының үйінде жүргендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, арнайы психолог мамандарының көмегімен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Осыдан соң аман-есен баласын жоғалтып, қайғы жұтып отырған анасына табыстайды.
Қазіргі уақытта жоғалған баланы тапқан Сарыағаш АПБ ЖПҚ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Серик Дарханов пен Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Майра Елемесоваға жергілікті тұрғын өзінің алғысын жаудыруда. Осы аталған екі полицей бүгінгі күнге дейін жасөспірімнің анасымен хабарласып, баласының тәртібі бойынша сөйлесіп тұрады.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді, бала тәрбиелеу кезінде жауапкершілікті күшейту қажет. Әр ата-ана өз баласына зейінді болып қараусыз қалдырмағаны жөн. Сонымен қатар, баламен жиі сөйлесіп, ата- ананың досы ретінде шындықты айтуына бой үйретуі керек. Егерде сіздің балаңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей бірден полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.