Тілсіз жау жалпы аумағы 150 шаршы метрді шарпыған. Түркістан қаласындағы шағынаудандардың бірінде орналасқан «Яссы» қонақ үйі өртенді. ТЖД-нің алдын ала мәліметінше өрт дер уақытында ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебін мамандар анықтайтын болады.

«Шақыру сағат 11.01-де келіп түсті. Өрт сөндірушілер сағат 11.07-де жетті. Өрт аумағы 150 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», – деп xабарлады облыс ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.

Айта кетейік, бұдан алдын да Түркістанда қонақүй өртеніп, 11 адам зардап шеккен болатын.