Қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтауда аянбай еңбек ететін полицейлер, бұдан бөлек кез-келген жағдайда көмек қолын созушы, керек сәтте заң тұрғысында көмек беруші, адасушыға жол көрсетуші екені даусыз.

Сөзімізге дәлел, Отырар ауданында орналасқан Арыстанбаб кесенесіне туристік сапармен келген Израиль мемлекетінің азаматы Мустин Изаирдың жағдайы. Арыстанбабтан тілеп, зиярат етіп шыққан турист, Шымкент қаласына қайтар жолды білмей адасқан.

Содан Отырар АПБ Көші-қон қызметі бөлімшесінің туристік полиция тобының қызметкерлері полиция майоры Серікбаев Мұхит, полиция капитаны Төлегенов Мұрат, полиция лейтенанты Шындалиев Асхат шетел азаматымен сөйлесіп, мән-жайға қанығады.

Одан кейін туристі Шәуілдір ауылындағы автобекетке әкеліп, жол көрсетіп, Шымкент қаласына автокөлікке отырғызып жібереді.
Өз кезегінде шетел азаматы туристік полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.