Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласының орталық алаңында аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

«Жәрмеңкені өткізудің мақсаты – азық-түліктің бағасын өсірмеу болып табылады. 12 ауылдық округ пен Ленгір қаласынан шаруалар 40 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін әкелді. Мәселен ет, көкөніс, сүт өнімдері, бал, жеміс жидектер және тағы басқа өнімдер саудаға шығарылды. Күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері базардағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатылды.

Бағалары қалта көтерерлік. Тауар сапасы да жоғары. Бұндай ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін әр аптаның жұма күні өткізуді жоспарлаудамыз» – деді, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев.

Айта кетсек, таң сәріден жәрмеңкеге ағылған аудан тұрғындарының қарасы қалың.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі