Түркістан облысында «Бастау» жобасының жаңа легі басталады

351

9 қыркүйек күні Түркістан облысында «Бастау» жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың жаңа легі басталады.

Кәсіпкерлік негіздеріне бір ай ішінде өз өзін жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз тұрғындар тегін оқытылады. Курс соңында олардың барлығы бизнесті дамытуға грант және жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге мүмкіндіктері бар.

«Жыл басынан бері «Бастау» жобасы бойынша Түркістан облысында 1320 тыңдаушы оқытылды. Үш ағымда олар кәсіпкерлік негіздерін оқып, өздерінің бизнес-жоспарларын қорғады. Қыркүйек айынан бастап жоба жалғасады. Экономикалық белсенділікті арттыруға және қатысушылардың іскерлік әлеуетін ашуға бағытталған жоба өзінің тиімділігін көрсетуде», — деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанна Тілеубекова.

Жыл соңына дейін облыстық кәсіпкерлер палатасы облыстың 3 450 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарын оқытуды жоспарлап отыр. Оқыту облыстың барлық аудандарында өтеді. Ағымдағы, төртінші лек 16 ауданда өтпек.
Естеріңізге салсақ, «Бастау» жобасы экономикалық белсенділікті арттыру, бизнеспен айналысуға тарту арқылы халықтың іскерлік әлеуетін ашуға бағытталған.

Жобаға жас ерекшелігіне қарамастан, кәсіп ашу, қолданыстағы бизнесті кеңейтуді қалайтын әркім қатыса алады.

Жоба:

-бизнес-идеяны бағалуға көмек беру;
-сауатты бизнес-жобаны құруға ықпалдасу;
-сенімді тәлімгердің (бизнес-тренер) қолдауын кепілдік етеді
Оқу 20 күн бойы жалғасады, тыңдаушыларға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған.

Бастысы, бизнес-жобаны қорғаған соң қатысушылар грант немесе ең тиімді шарттарда микронесие ретінде бастапқы капитал ала алады.

Жобаға қатысу үшін http://qoldau.atameken.kz/ сілтемесі арқылы тіркеуден өту керек, немесе Кәсіпкерлер палатасының қалалық/аудандық филиалына жүгіну қажет.