Ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде Дүниежүзілік Туризм күні аясында Түркістан қаласында «Тайқазанның» 620-жылдығына орай «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі және «Silk Road Fair» туристік көрмесі өтеді.

Тағамдардан дәм тату, атақты аспазшылардың шеберлік көріністері, Ұлы Жібек жолы халықтарының ежелгі қолөнерінің ерекшеліктері, қолөнер шеберлерінің құпиялары, көрмелері, жәрмеңкелері, конкурстары мен әсерлі музыка, ұмытылмас атмосфера мен жарқын мерекелік кеш сізді күтеді! Келіңіз, жылдың ең ауқымды іс-шарасын жіберіп алмаңыз!

Өтетін орны: Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің алаңы.