Цифрлы полиция дегеніміз?

514

Шымкенттік тәртіп сақшылары цифрландыру жүйесін оңтайлы меңгеріп жатыр. Тіпті электронды планшеттер қолданысқа енгелі, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 114 861 хаттама электронды нұсқада толтырылған.

Бұл әкімшілік іс жүргізуді жеңілдетіп қана қоймайды, полицейлердің уақытын да анағұрлым үнемдейді. Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының айтуынша, қоғамдық орындарда тиісті талап-ережеге бағынбағандарға небәрі 5-10 минуттың ішінде, хаттама толтырылады.Ал жол үстінде ереже бұзған көлік жүргізушілерің өтелмеген айыбын табу да оңай болмақ. Автокөліктің мемлекеттік нөмірін енгізген бойда, егесі туралы толық ақпарат сол мезет шығып, тиісті ақпараттар қолжетімді болады екен.

Ерғали Сүлейменов
Ерғали Сүлейменов

Ерғали Сүлейменов, Шымкент қалалық ПД ЖПҚБ бастығы:»Бұл планшетте ҚР Бас прокуратурасының статистика комитетінің арнайы есептерінің базасы енгізілген. Сол базамен азамат туралы толық мәліметті анықтауға болады. Яғни, азаматтың ЖСН нөмірін терсеңіз, бар ақпарат қолжетімді. Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі, одан кейін сақтандыру полисінің мерзімі, бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылған-тартылмағаны да көрінеді. Сотты болған-болмағаны т.с.с есепте тұрғандығын осы база арқылы білеміз».Айта кетейік, қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі басқармасындағы барлығы 1427 қызметкер толығымен электронды планшетпен қамтамасыз етілген. Соның ішіндегі 626 патрульді полиция өкілдерінің әрқайсысында осы электронды құрылғы бар.

Мөлдір Бекеева