Жаңа Түркістандағы әкімшілік-іскерлік аймағында құрылыс қызу жүргізілуде

268

Жаңа Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс қарқын алған. Жоспар бойынша жылдың соңына дейін мұнда облыс әкімдігі, департамент пен басқармалардың құрылысы аяқталуы тиіс.

Аумағы 700 гектар болатын аймақта шығыс үлгісіндегі фитнес, медиа орталық, мектеп, оқушылар сарайы, кино театр, стадион, саябақ және астана алаңы сияқты ауқымды жобалардың құрылысы жүріп жатыр.Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, инфрақұрылым қоса тартылуда.

Әкімшілік-іскерлік орталықтың жанынан диаметрі 600-дік газ құбыры өтіп жатыр. Диаметрі 225-тік екі су құбыры келіп тұр. Екі миллионнан аса халқы бар өңірдің Түркістан облысы болып құрылуы үлкен өзгерістерге жол ашты. Түркістан түрленіп, түлей бастады. Қайта жаңғырып, жаңа кейіпке енді.

Бұдан бөлек,  Түркістан облысының ауыл шаруашылығы субъектілеріне микрокредиттер — 649 жобаға 2,4 млрд. теңге қарастырылды. Түркістан облыстық  стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаевтың мәлімдеуінше  Сарыағаш және  Түлкібас аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлерді инженерлік инфроқұрылыммен қамтамасыз етуге жалпы 265 млн. теңге қарастырылды.

Облыстағы табиғи газ таратушы және магистралды жүйелерді күтіп ұстау шығындарына қосымша 200 млн. теңге бағытталды.

Шынар Оразова