№1 мамандандырылағн өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен «Ұлы Орда» жанар-жағармай бекетінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық сабағы өткізілді.
Сабақты өткізудің мақсаты адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіре отырып жағдайды бағамдау дағдысын қалыптастыру, қызмет етуші қызметкерлермен әрекет ету, өртті сөндіру тәсілдерімен бірге, сондай-ақ өрт орын алған жағдайда жауынгерлік іс-әрекеттерді басқара алу дағдыларын машықтау, күндізгі уақытта тыныс алуға жарамсыз ортада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алу және кәсіби шеберліктерінің деңгейін арттыру болды.
Тактикалық тұрғыдан жанар-жағармай бекетінің операторынан өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне май ауыстыру бекетінде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің таралып кету қауіпі төнді.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін «Ұлы Орда» жанар-жағармай бекетінің қызметкерлерімен жанармай қабылдау және шығару бойынша технологиялық процесс тоқтатылады, аумақтан автокөліктер алынып, қауіпті аймақтан адамдарды эвакуация жасайды.
Шартты оқиға орнына келгеннен соң өртті сөндіру жетекшісі көбікті шабуыл жасауға шешім қабылдайды, одан әрі суыту жұмысын жүргізді.
Шартты өртті сөндіруге 2 өрт сөндіру техникасы және жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.
Тәжірибелік сабақ барысында қызмет етуші қызметкерлердің адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша іс-әрекеттері және өртті сөндіру дағдылары машықтанды, сонымен қатар, өртке қарсы қызметтің нысанның қызмет көрсетуші қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс атқару дағдылары пысықталды.
А. Жұмабеков
№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының
орынбасары
азаматтық қорғау аға лейтенанты