Күні кеше қаламызда орын алған жол апатында зардап шеккендердің жағдайы орташа Қоғамдық көлікпен жеңіл машинаның соқтығысуы салдарынан бір адам көз жұмған еді. Ал, ауруханаға 10 адам жеткізілген. Бүгінге дейін олардың жетеуі үйлеріне жіберілсе, 3 адам травматалогия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Өткіржан Молдаханов, №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің жауапты дәрігері: «Келгеннен кейін жедел түрде алғашқы көмек көрсетілді. Кейіннен жансақтау бөліміне алынды. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінен шығарылып, жағдайы жақсаруына байланысты травматалогия бөлімшесіне ауыстырылды».
Тағы бір келіншек жансақтау бөліміне жатқызылған. Әйел бас миы шайқалып, жарақат алған. Сондай-ақ, сол қолының саусақтары қатты жарақаттан жарамсыз күйге түскен. Айта кетейік, 39 жастағы келіншек жүктіліктің 17 аптасында. Қазіргі таңда оның жағдайы оңалып келеді. Ал, іштегі шарана әлі де қатаң қадағалауды қажет етеді.
Назерке Үкібасова