Жолдауды талқылауға арналған қала активінің жиыны өтті

163

Шымкентте Президент Жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиыны өтті. Онда шенеуніктер мен халық қалаулылары, қоғам белсенділері барлық саланы қамтыған маңызды құжатты жан-жақты талқылады. Жауаптылар президент пәрмен берген бағыттардың қалада қалай іске асырылатынын пысықтап алды.

Актив жиынына Президенті Әкімшілігінің өкілдерінен бастап қала әкімі мен басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары түгел қатысты. Шаһар басшысы Жолдаудағы басым бағыттарды тізбектеп шықты. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, шаһардағы шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру — қала билігінің басты бағыттары. Әсіресе шалғай аудан тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметпен қамту басты назарда болады дейді қала әкімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды. Шымкентте бүгінде 25 мыңнан аса мұғалім жұмыс істейді. Демек, жалақыға қатысты жағымды жаңалықты осынша адам асыға күтіп жүр. Алайда, қоғам белсенділерін қымбатшылық құрсауындағы нарық жағдайы алаңдатады. Олардың пайымы «инфляциямен күрес жүргізілмесе, жоғары жалақыдан пайда жоққа» сайды.

Ерлан Айтаханов қалада азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қала билігі қатаң бақылайды деді. Сондай-ақ, сала басшыларына президент пәрмен берген барлық тапсырмаларды уақытылы орындау үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Мақпал Рысбаева