Салық кодексінде интернет арқылы тауарлар мен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын жаңа жеңілдіктер қарастырылған.

Ол үшін мынадай шарттарды сақтаған кезде:
• Тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
• Тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлем мен жүргізілсе;
• Тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мен келісім-шарттары болған жағдайда;

Аталған жеңілдіктер тауарлар мен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады.
Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.

Жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлар мен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлғар етінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.

Тауарлар мен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткентәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.