фото Inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйде көлік жүргізген және мал ұрлаған адамдарға жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» делінген хабарламада.