ҚР Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық паспортын іске қосты

318
фото Rgmedia.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Олжас ӘБІШЕВ хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүйеге көшіру аясында денсаулық сақтау ұйымдарында пациент туралы ақпаратты жинау, сақтау және алмасу үшін электрондық денсаулық паспортын енгізді.

Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі принципінің бірі «пациентке жағдай жасау» болып табылады, оны іске асыру үшін ақпараттандыру және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау платформасында (бұдан әрі – интеграциялық Платформа) ұлттық деңгейдегі «Электрондық денсаулық паспорты» компоненті (бұдан әрі – ЭДП) көзделген.

ЭДП бар пациент жайлы ақпарат интеграциялық платформаның құрамына кіретін ЭДП бірыңғай орталық репозиториясында сақталады және медицина қызметкерлеріне де (пациенттің келісімі бойынша), сондай-ақ пациенттерге де қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта мынадай ақпарат көрсетілген:

— пациентке қызмет көрсететін және тіркелген медициналық ұйым туралы;
— учаскелік дәрігердің аты-жөні;
— жазылған рецептілер туралы;
— препараттың атауы;
— рецепт жазып берілген күні;
— рецепт берген дәріхана;
— стационарларда емдеуге жатқызу туралы;
— емдеуге жатқызу коды;
— диагноз;
— халықаралық ауру жіктеуішінің коды;
— жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберген ұйым;
— емдеуге жатқызуға қайда жіберілді;
— хаттама нөмірі;
— аурудың коды және атауы;
— ауруы бойынша диспансерлік есепке қойылған күн.

Осылайша, ұлттық ЭДП-да әрбір пациент бойынша медико-санитариялық алғашқы көмектің қандай ұйымдарына тіркелгеніне және елдің қандай медициналық мекемелерінде медициналық қызмет алғанына қарамастан барлық жергілікті ЭДП-дан ақпарат шоғырландырылатын болады.

Бүгінде барлық қызметтер министрлік «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп әзірлеген eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Яғни, қазір ҚР азаматтары қызметтерді ЭЦҚ көмегімен ғана емес, сонымен қатар ЭЦҚ-сыз да келесі мобильдік қосымшаларды қолдана алады:

Естеріңізге сала кетейік, электрондық денсаулық паспорты Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүйеге көшіру бөлігінде құрылған.